Astana Ballet Gala

"Астана балет" театры "Astana Ballet Gala" бағдарламасын ұсынады. Оған "Ұлы Дала мұрасы" дивертисменті мен неоклассика мәнеріндегі "Love Fear Loss", "Silent voices" және "A fuego lento" бір актілі балеттері енген.

"Ұлы дала мұрасы" - халық билерінің топтамасы. Мұнда этнографиялық материал мен заманауи балетмейстерлік ой-түйін, сан-түрлі көркемдік тәсілдер үйлесім тапқан; ұлттық бидің болмысы мен қайталанбас көркі ашық көрсетілген. Қоюшы-хореографтар: Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Мукарам Авахри мен Айгүл Тәти.