Біз жайлы

Кез-келген ата-ана баласының дені сау, ширақ, артистік қабілеті бар, құрдастарымен жылдам тіл табысатын, көпшіл болғанын қалайды. 

"Астана Балет" балалар студиясы осы арманыңыздың орындалуына септеседі. Балалар үш топқа іріктеледі: 3-5 жас, 6-8 жас, 9-13 жас аралығы. Дайындығы, икемі мен жасына қарап, баланың таңдау жасауына көмектеседі.

Студия мақсаты балаларыңыздың болашақта кемел тұлға болып қалыптасуына барынша ықпал ету. Олардың есту қабілетін, тәні мен жанын асылдандыру. Ішкі мүмкіндіктерін ашып, әр баланың бойындағы шыкармашылық алауын лаулату. Ең бастысы - баланы кішкентайынан еңбекке баулып, қиындықтарға төзіп, мақсатына жету құштарлығын тәрбиелеу.

«Астана балет» балалар студиясы баланың бүкіл өміріне бастау алуына, дененің жан-жақты үйлесімді дамуы мен дұрыс қалыптасуына, икемділігін, денесінің иілімділігі мен үйлестігін, дұрыс дене мүсінін, музыкалық қабілет пен  жақсы әдеттерді қалыптастыруға, кішкентай адамды жан-жақты ашуға және шығармашылық тұрғыда байытуға көмектеседі. Оны өзінің білімін арттыруға және қиындықтарды жеңіп шығуға үйретеді.