30/06/2018

Фламенконың елу реңі

Құштарлық пен шиеленіс – көрерменнің бәрін экспрессияға бөлейтін шарт осы. Ол қай жерден болмасын, қай тілде сөйлемесін, фламенконы жан-тәніңмен сезінесің. Бишінің өкшесінің тоқылы мен әншінің күйікке толы сарыны ешкімді де бей-жай қалдырған емес.

______________________

Флюра Мусина

Балет сыншысы

Фестивальдің маңызды міндетінің бірі көрерменді өзге елдің мәдениетімен таныстыру. Ал, халықтың жанын биінен тануға болатыны анық. Фламенко да Испанияның смиволына айналғалы қашан. «Астана Балет» театрының сахнасында бұл өнерді Castro Romero Flamenco ұжымы таныстырды. Оның негізін қалаған ағалы-апалы Кастро Ромеро - Росарио, Рикардо мен Хосе. Гастрольдері бір жыл бұрын нақтыланатын әртістер Астанаға European Music Open Festival шарасынан келіп, онда маусымның жиырма екісі күні өз өнерін көрсеткен еді. Ал, маусымның онында Мәскеуде болған. Себебі, «Кармен» операсына тұрақты қатысушылар. Өйткенің оның хореографиялық сахнасын Рикардо қойған. Бұл ұжым отыз жылдан астам уақыт жасап келеді. Осы уақыт аралығында орасан жобалар жүзеге асырылып келеді. Соның ішінде, фильмге түсу (Карлос Саураның «Сиқырлы махаббат» фильмі), атаөты әртістермен жұмыс (Фаруз Рузиматов іспетті), әлемдік опера жұлдыздарының концертіне қатысу (мысалы - Монтсеррат Кабалье, Пласидо Доминго және Хосе Каррерас), дүние жүзінде өнер көрсету, фламенкодан дәріс беру және т.б.

Кастро Ромеро отбасының ерекшелігі ұтқырлығында болар, деген ойға келдік. Себебі, онсыз осынша дүние жасап үлгеру мүмкін еместей көрінеді. Отбасы мүшелері жайдары, бойларында зор қуат бардай сезіледі. Бәлкім, қуат беріп тұрған фламенко рухы – дуэнде шығар?

Сұхбатты да жолай алуға тура келді. Репетиция арасында он минуттық үзілістері немесе грим салып жатқан тұсында алынды.

Ф. М. - Росарио, сіздің ұжымыңыздың жобалары өте көп. Дегенмен, солардың ішінде, өзіңіз мақтан тұтатын, маңызды жоба қайсы?

Росарио Кастро: Қазіргі кезде жасап жатқан жобамыз маңызды саналады. Сондықтан, дәл қазір, біз үшін, осы «Eurasian Dance Festival» фестивалінде көрсететін дүние өте маңызды. Біз «Фламенко квинтэссенциясы» атты он бөлімді бағдарламаны алып келдік. мұнда фламенконың не екенін, оның рухы саналатын «дуэнде» не екенін айтып бермекшіміз. Бұл сөз испан тілінен, сонымен қатар, «от», «магия» немесе «сезім» деп те аударылады.

Ф.М. –Осы магияны игеру үшін ұзақ оқу керек пе? Фламенко мектептерінде неше жастан бастап оқытады?

Росарио Кастро: Әдетте, сегіз жастан. Себебі, бұл қалыптасқан өнер. Өзінің канондары мен көптеген бағыттары бар. Фламенконың біріне бірі ұқсамайтын, стилистикалық және музыкалық бағыттары бөлек екі фламенко сыныбы бар: көне, жоғарғы – оны «канте хондо» деп те атайды және заманауи, жеңілдетілген түрі – «канте чико». Осы екі сыныптың елуден астам жанры бар. олардың нақты ажыратудың өзі кейде қиынға соғып жатады. Сол себепті, фламенко құпиясына бойлау оңай шаруа емес.

Ф.Б. – Ал өзіңіз неше жастан осы өнерді үйрене бастадыңыз?

Росарио Кастро: Ресми түрде алғанда, мен билеуді кен бастадым – 16 жасымда. Менің ағайындарым да сөйтті. Бірақ, біз әртістердің отбасына дүниеге келген едік. Менің анам Каро Ромеро фламенкодан дәріс беріп, өзі де билейтін, ал, әкем музыкант. Балалық шағымыз гастрольдермен өткендіктен, бір мектепте тұрақты оқу мүмкін болмады. Бірақ, фламенко мектебін анамыздан үйрендік. Бұл тіпті табиғи түрде жүзеге асты. Кейін, 1984 жылы ағайындарымызбен өз компаниямызды құрмақшы боладық. Сол кезден бастап, өзіміз де үнемі гастрольде жүріп, сығандар секілді көшіп-қонып жүреміз!

Шын мәнінде, Испаниға бұл биді Үндістаннан Темірланның езгісіне шыдамай босып кеткен сығандар алып келген деседі. Андалузия тұрғындары босқындарды жылы қабылдап, уақыт өте бұл биге араб және христиан әуендері, испандықтардың құштарлығы мен қызуқандылығы қосақталып, нәтижесінде келбеті өзгерген, сонымен бірге, көркемдік тәсілдері көбейген, мазмұны ынтық сезім мен дүлей күшке ие би пайда болады.

Иілген қол мен дене, аяққа салмақ түседі. Себебі, еденді өкшесімен тоқылдату керек. Бір сәт қимылсыз қалу, жалт бұрылу – міне, фланко магиясы.

Осы магияның сыртында не тұрғанын, өз басым, көрсетілім алдында, шымылдықтың ар жағында тұрып байқадым. Ағайындардың үлкені Рикардо, арнайы жасалған ағаш орындықта тұрып (дауылпазшылардың қолмен соғып үйренуі үшін жасалатын пэд тәрізді) метрономның жылдам дыбысына ілесіп, қырық сантиметр алаңқайға өкшесін тоқылданып тұрды. Бишінің жүзі жинақы, тіпті, еңселі көрінді. Тап бір дұға оқып отырған тәрізді... Осы күйде тұрғанында сұрақ қойып мазалаудың өзі әбестік көрінді. Әртіске грим салып жатқан тұсты күтуге тура келді. Ол кезде әртіс өзі жайлы, ұжымы жайлы алаңсыз әңгімелеп берген еді.

Отбасылық фламенко театрында Рикадо жасы жағынан ең үлкені, мәртебесі де жоғары. Әртістер бәрін ортаға салып шешеміз дегенімен, соңғы сөз бәрібір Рикардоның еншісінде. Биді де көбіне сол қояды. Антонио Гадеспен жұмыс істегенін, Фарух Рузиматовпен қойылым қойғанын және труппасының өзге де мүшелерімен бірлесіп сол қойылымдарда билегенін, Мариэмма Испан балеті мен Испания Ұлттық балетінің солисті болғанын мақтан етеді. Дегенмен, бар күш-жігерін «Испан сюитасы» отбасылық ұжымына жұмсайды. Дегенмен, оның құрамы отбасылық деңгейден әлдеқашан асып түскен.

Ф.М. – «Испан сюитасы» ұжымының құрамы қандай?

Рикардо Кастро Ромеро: Астанаға тек алты биші келді. Таңдаған бағдарламамызда өнер көрсететін солар. Ал, ұжымымыз одан да көп. Сонымен қатар, біз өз дыбыс режиссерімізді ертіп келдік. фламенко үшін дыбыс сапасы өте маңызды. Себебі, музыка мен ән, бимен бірлесіп өте маңызды орынға ие. Музыканттар аспаптарында ойнап, әрдайым импровизация жасап жатады. Біз, қанша дегенмен, шоу көрсетіп жатқандықтан, жарықтың да алар орны ерекше. Осы жағына да біздің маман жауап береді. «Астана Балет» театрының техникалық мүмкіндіктері орасан. Қызметкерлері де жайдары. Спектакльге дайындық жоғары деңгейде өтті. Театрдың декорация әзірлейтін шеберханасында біз үшін арнайы үстөл жасап шығарды. Өз соломды соның үстінде орындаймын.

Інісі Хосе Кастро Ромера сөзге сараң. Бірақ, испандық гранд іспетті өте тартымды. Бұл түсінікті де. Себебі, биші, бос кезінде Париж бен Лондон подиумдарына шығып, Жан-Поль Готье компаниясында модель болып қызмет атқарды. Moschino компаниясымен келісім-шартқа отырып, Blue Dog компаниясының өкілі болған. Классикалық биде жас шектеуі қойылатыны мәлім. Ал, фламенко биін қаншалықты ұзақ билеуге болатыны туралы сұрағымызға, Хосе былай деп жауап берді:

«Әртіс өз жасын айтпауы керек. Жас шамасы – жанның қалпына сай. Біреу жиырма жасында өте жабырқау әрі пәс келеді. Ал, енді біреулер қырық жасында тасып тұрады». «Фламенко – бидің осы жанрына жас шектеуі қойылмайды. Фламенконы жасы келген, тәжірибесі бар бишілер жақсы орындайды. Қырық, елу жасықа келгенде жеке өмірінің қиындықтары көркемдік салмаққа ие болса керек», - деп, оның осы ойын петерборлық би сыншысы Юлия Яковлева қуаттады.

Осымен толық келісуге болады. Қартаң Рикардо үстөл үстінде өкшесімен тоқылдатқанда осыған толық көзің жетеді; немесе Росарияның нәзік қолдары мен Хосенің келбеті. Олардың жасын сұраудың өзі ыңғайсыз. Өмірлік қуаты кемеліне жеткен бишілер қаншалықты бақытты болды екен, деген ой келеді. Өйткені, дене қимылдары жанының қалауын қалт еткізбей орындайды емес пе? Бәлкім, сол уақытта олардың биі осыншалықты мән-мағынаға ие болмаған да шығар? Тіпті, осы сұрақтың өзі артық шығар? Себебі, жас шамасына қарай, биші фламенко биін сәйкес дуэндомен толтырса керек. Фламенко білгірлерінің айтуынша: «Дуэндеге бір нәрсе тән – ол қайталаудан ада. Дуэнде ешқашан қайталанбайды, тап бір, теңіз толқыны іспетті».

Ал Рикардо тітен қарапайым қағиданы айтты: фламенко – сенің өмір жолың…