01/07/2018

Сары өзен идеологиясынан мәңгілік Өмір арасы

Қыстай ұлттық балетінің өнерін тамашалауға көрермен қауым құштар еді. Экономикалық дамудағы «қытай ғажайыбының» феномені, осы тектес дүмпудің басқа салаларда көрініс табуын шамаласа керек. Айталық, өнер саласы. Ол экономикалық ілгерілеудің ізін ала орын алатын құбылыс. Шынында да, ғажайып көрініске куә болдық. Қиял шыңындағы қытай циркі, халықаралық сайыстардан олжалы оралатын дүлдүл пианисттер, кішкентай ғана скрипкашылар, ғаламат хор фестивальдері (балет сынды, хормен ән айту да қытайдың дәстүрлі өнері саналмайды), кинематограф - Аспан асты елі күллі әлемді таң қалдырмақ ниетте секілді.

_________________________________________________

Флюра Мусина

Балет сыншысы

Балет саласында Қытай орыс, анығын айтқанда, кеңестік мектептің түлегі. Қытай бишілері мен хореографтарының алғашқы буынын кеңестік педагог әрі балетмейстер Пётр Гусев тәрбиелеп, 1958 жылы Бейжің ұлттық балетінің іргесін қалап кетті. Қыстай әртістері би мәнері мен классикалық вариацияларды мінсіз орындауды үйреніп, халықаралық сайыстардан үшінші орынды ғана місе тұтып келді. Кейін заманауи би өрнегі мен contemporary биін үйреніп, меңгеріп алды. Бірақ, баршаға таныс осы билердің арасына олар шаолинь жауынгерлік өнерінің элементтері мен мадитация тәжірибелерін, кунг-фу мен тай-ши, сонымен қатар, Көне Қытайдың бай өнерінің жұрнақтарын кіріктіріп жіберді. Осылайша, алпыс жыл өткен соң, қытай балетінің феномені орын алды. Осы күні ұлттық балет труппасында жүзден астам адам бар. Астанадағы фестивальге дайындығы жоғары 33 әртіс келді.

Қытай балеті екі бөлімнен тұратын концерттік бағдарламасын алып келді. Оған хореографтар Ван Ци мен Фэй Боның екі миниатюрасы енді. Си Синхайдың музыкасына қойылған «Сары өзен» балетінің соңғы екі бөлімі мен П.И.Чайковскийдің «Патетикалық» симфониясының музыкасына қойылған «Өмір дастаны» балеті.

«Сары өзен» балеті театрдың ерекше қойылымы. Себебі ол ұлттық символ – Хуанхэ (Сары өзен) өзенімен тікелей байланысты. Қытайлар оны Өзен-Ана деп те атайды. Өйткені, қытай этносы осы өлкеде қалыптасқан деген тұжырым бар. 1938 жылы Хуанхэ тасыған еді. Мұны Ұлтшыл Үкімет қолдан жасаған. Өйткені, Екінші жапон-қытай соғысы кезінде елге жылдам ене бастаған жапон әскерін тоқтатудың басқа амалы қалмады. Жапондармен бірге мыңдаған гектар ауылшаруашылық жермен қоса, жүздеген мың бейбіт тұрғын да суға кетті. Қытай композиторы Си Синхай осы оқиғадан кейін, 1939 жылы «Сары өзен» атты патриоттық кантата жазады. Ал, 70-ші жылдары әйгілі қытай пианисті Инь Чэньцзун соның негізінде төрт бөлімдіфортепиано концертін шығарды. Хореограф Чэнь Цзэмей балетіне негіз етіп алынған шығарма осы. 60-шы жылдардағы кеңестік балет мәнерінде шығарылған қойылымда өнер көрсеткен әртістер қимылдарын біртекті орындап, техникалық мүмкіндіктерін паш етті. Бәрі бойшаң, балетке қажет дүниелердің бәрін бойына сіңірген труппа әртістері классикалық би техникасын еркін меңгергенімен қоса, заманауи стильдерді де игеріп алған. Хореографтың талабы бойынша сальто-мортале жасап, не болмаса, сахнаны дөңгелекше айналып өту сынды қимылдарды оңай орындайды. Ал қимылдарының біркелкі болғандықтан, сахнадағы көрініс «Қытайдың ұлы рухын» паш еткен біртекті организм ретінде қабылданады.

Қытай композиторы Тянь Фудың музыкасына қойылған «Мулань махаббаты» атты 12 минуттық қойылым да Қытай тарихынан сыр шертеді. «Мулань жайлы ән» атты поэма 6 ғасырдағы беймәлім қытай ақынының туындысы. 12 ғасырда Го Маоцян өз жинағына енгізеді. Бірақ, поэмадағы кейіпкердің прототипі болған-болмағаны айтылмайды. Алайда, қартаң әкесінің орнына, ердің киімін киіп, Отанын қорғау үшін майданға аттанған қыз жайлы әпсана қытай сахнасында ғана емес, диснейлік мультфильмдерде де жиі көрсетілетін бейне. Ықшам сценография мен костюмдердің ақ-қара гаммасы; хореографиялық тілдің миксі – неоклассика плюс модерн, плюс contemporary; динамика, ырғақ, күтпеген жерден құлау не секіру; біркелкілік пен шығарманың патриоттық мазмұны.

Кеш бағдарламасында көрсетілген толық туынды «Өмір дастаны» балеті. Қоюшы-хореограф Ин э Дин оны Чайковскийдің музыкасына қойған. Өкінішке қарай, Қытай ақпарат кеңістігінің жабықтығына байланысты, хореограф жайлы қосымша мәлімет алу мүмкін болмады. Ал, кеш бағдарлама-парағында хореограф жайлы қысқа ғана айтылған. Талантты хореограф жайлы көбірек білгіміз келіп еді, өкінішті-ақ. Ол кемел музыканы пластикалық тұрғыдан өзінше көрген.

«Балетке арналған мәлімет-парағында «Көпшілік, Чайковский бұл шығармасын өзінің реквиемі ретінде шығарған деп ойлайды», деп жазылған. «Оның дыбысы мұңлы болғанымен, жылулық пен жарықтан ада емес. Алтыншы симфония «Өмір жастаны» хореографиялық нөміріне сүйемелдеу ретінде алынған себебі, қытай философы Чжуан-цзыдың көзқарастарымен үндеседі. Яғни, «Бұл өмірде бәрі өткінші» деген ұстанымды айғақтап тұрғандай».

Алайда, 80-ші жылдардың соңында Петр Ильич «Өмір» атты шартты атауы бар жаңа симфония шығару туралы ой келіп, 1891 жылдың көктемі мен жазын осыған арнағаны белгілі. Алайда, нәтижесіне көңілі толмады. Музыкалық «автобиографияның» музыкалық ойы, кейін Патетикалық симфонияда көрініс тапқан. Сондықтан, хореографтың интерпритациясы композитордың әу бастағы ойына сәйкес келеді. Бастапқы атауы да ұқсас.

Чайковскийдің кемел музыкасының мән-мағынасының тереңдігі түрлі интерпретация жасауға сұранып тұрғандай. Эйфман қойған «Қызыл Жизель» драмалық спектаклінен модернистердің абстракциялы конструкцияларға дейін.
Ин э Дин өзінің оқиғасын баяндап берді.

Сахналық қораптың қара кабинетінде ер адамның сұлбасы көрінді (балет солисті Wu Siming). Теңіздей толқыған әуеннің алғашқы аккордтарынан-ақ оның пластикалық монологы басталады. Қараңғы түнектен кардебалет бишілерінің жанұшырар биі оқта-текте көрсетіледі. Бәлкім, кейіпкердің ойы, сезімі, еске алғандары болар. Сараң, конструктивті декорация, біршама қара барқыт перделер арқасында әртістер жылдам көзден таса болып жатады. Тап бір мазасыз ойлардың жалт еткеніндей. Бір кезде жарық сәуле сахнаның арғы тұсына түседі. Онда ақ киген келіншек сұлбасы көрінді (балет солисті Liu Qi).

Театрдың жетекші балеринасы Лю Цидің айтуынша, оның кейіпкері нақты келіншек емес, тек сол жайлы естеліктері, кейіпкер жадынан кетпеуі сынды сезімдер. Себебі, ол өз өмірін еске алып, ондағы пәк әрі таза махаббаттың дәлелі іспетті.

Негізі хореограф партитурадан ауытқымаған. Яғни, композитродың ырғағын, оның сезімін қалдырған. Бірінші бөлім - балалық шақ пен музыкаға деген әуестік (жалпылама алғанда - шығармашылыққа). Екінші бөлім – жастық шағы мен ақсүйектердің жайдары өмірі (оны хореограф гротеск пластикасымен өздігінше жеткізген). Үшінші бөлім – өмірлік күрес пен даңқа бөлену.

Бұл бөлім ғаламат қойылған. Жетістікке жеткен шақтағы алғашқы қуаныштан бастап, даңқ құрбандарының сүреңсіздігі. Даңқа бөленген тұлға оның шырмауына түсіп, құрбанына айналып жатады. Жылдам ырғақ, бишілерді біркелкі қимылдары, осы сахнаның жарқын, аздап механикалық пластикасы, композицияның көркемдік көрінісі күрт аяқталып, жарық өшеді. Елеске қөсаған даңқ тағы бір құрбанын атап отыр... Соңғы, төртінші бөлімде, алдыңғысына қарама-қайшы тәсіл қолданылып, қимыл азайған. Хореограф бұл сахнаны статикалық қалыпта жеткізуден де қашпаған. Кейіпкер еден үстінде, аппақ жарық сәулесіне шомылып жатыр. Сахнаның түкпірінен, жан-жағына шырақ жағылып, кардебалеттің қоршауында баяу ғана қимылдай бастайды. Ақ киім киген әйел – махаббат па, әлде шығармашылық па? Ол ақырын ғана жақындап, сахнамен қалықтап кейіпкерге жақындайды да, оның басын тізесіне қойып, осы қалпында қимылсыз қалады. Төртінші бөлімнің соңына дейін қимылсыз отырады. Қара киім киген кардебалет қана, жарықпен композиция өрнегін сызады. Қолындағы шырақтарымен сахнада баяу қана қимылдап жатады.

«Ал, соңғысы - De profundis, яғни, - аруаққа дұға бағыштау. Осымен бәрі аяқталады. бірақ, мен үшін бұл тек басы ғана. Бойымдағы қуатын тасып жатқандай көрінеді, шығармашылық жігерді сезінемін; осыған дейін жазғанымнан асып түсетін талай туынды шығаратыныма сенемін», деп жазған екен Чайковский өзінің бөлесі Анна Мерклингке.

Хореографта өз әңгімесінің соңғы нүктесін қоймайды: төртінші бөлімнің соңында, сахна түкпіріндегі қара декорациядан жарықтың жарып шығып жатқаны көрсетіледі. Ер адам солай қарай кете барады. Оны ақ киім киген келіншеу жетектеп келеді. Қытай хореографы Ин э Дин балетінде өткінші өмір жайлы қытай философиясы мен Чайковскийдің мәңгі музыкасының сабақтастығы осылайша өрбіген.

Бәрінен де тувалық композитор Сайнхо Намчылактың музыкасына қойылған, бес минуттық «Құрбандық» композициясы ерекш әсер етті. Хореографы Фэй Бо. Мұнда құрбандар да, құрбандық шалу да көрінбеді, дегенмен, таңдау құқы мен осы жыолды таңдау еркі жақсы көрініс тапқан. Труппа солисттері Лю Ци мен Оен Хуа Лун билеген осы шағын әпсанада мағына тереңдігі таң қалдырды: махаббат пен үйлесім туралы, нәпсі мен идеалдардың болмашылығы, махаббат пен еркіндік. Мұнда көне қытай мәдениетінің қуаты аңғаырылып тұрды. Бұл әлемдегі ұлы мәдениеттердің бірі. Классикалық бейнелеу өнерінде, айталық, дүние жаратылысын бірнеше сызба арқылы әсерлі әрі терең етіп көрсетеді. Осы философия мен мәдениеттің мән-мағыналық көріністерін қытай хореографы Фэй Бо пластика тілі мен, труппа солисттерінің көмегімен жеткізе білді. Сондықан, қытай балетінің фонемонін тамашалаудан әсер ерекше. Тіпті онымен тереңірек танысуға ынта бар. «Eurasian Dance Festival» Халықаралық балет өнері фестивалінің арқасында бұл жуық арада орын алатынына сенімдімін.