Дилара Шомаева

2006 жылы А.В.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесін тәмамдады (ұстаз Қадырова М. Ш. сыныбы)

2011 жылы – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын аяқтады (ұстаз-хореограф мамандығы бойынша бакалавр).

2006 - 2013 жылдары – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисті.

«Өнертану» мамандығы бойынша PhD докторы

Репертуарында мына спектакльдердің жетекші партиялары бар:

Кармен-сюита (Кармен), Баядерка (Гамзатти), Бақшасарай бұрқағы (Зарема), Жизель (Мирта), Сақтықтың бекершілігі (Лиза), Ұйқыдағы ару (Фея Сирени), Шехерезада (Зобейда), Сильфида (Эффи), Анна Каренина (Кити), Дон Кихот (Көше бишісі), Кармина Бурана, Antico мәнеріндегі сюита (ғашық жұптар).

2015 жылдан «Астана Балет» театрының труппасында.

Репертуары:

Кармен (алқызыл киген Кармен), Ғашықтың тілі тілсіз тіл, Тағдыр бұлтарыстары (Ай) - хореограф Мукарам Авахри

Жизель (Жизель), A fuego lento, Diversity, Love Fear Loss (бірінші дуэт), Gaia, Қиялға бойлау (Наталья Сатина – бойжеткен)  - хореограф Рикардо Амаранте

Серенада (үшінші солист) - хореограф Джордж Баланчин

Вальпургиев түні (Деметра), Қар патшайымы (Қар патшайымы) - хореограф Георгий Ковтун

In the Middle, Somewhat Elevated - хореограф Уильям Форсайт

Махаббаттың ғайып болған дарабоздары - хореография Николо Фонте

Махаббат туралы аңыз - хореограф Юрий Григорович

Күлше қыз - хореограф Надежда Калинина

Желтораңғы туралы аңыз - хореограф Анвара Садыкова

Сонымен қатар, репертуарында хореографиялық миниатюралар бар:

Альмей биі – хореограф Надежда Калинина

Марапаттар:

Хореографиялық оқу орындарының арасындағы халықаралық байқаудың лауреаты және мәнерлі билегені үшін арнайы жүлде (Новосібір, Ресей, 2004 ж.)